13.02.2020, 23:01
Қараулар: 131
ЕРІКТІЛІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІККЕ БӨЛІНБЕЙДІ

ЕРІКТІЛІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІККЕ БӨЛІНБЕЙДІ

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңес мүшелерімен қатар, мекеме, ұйым басшылары мен қызметкерлері, аудан  жастары көптеп қатысқан отырыстың басты мақсаты «Еріктілер жылында» ауданда қолға алынатын шараларды талқылау еді.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Исатай Құрмашев жастардың белгіленген жылдық жоспармен таныстырып, ұсыныс беруге шақырды.

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Т.Арыстанбеков, «Нұр Отан» партиясы  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Аққалиев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене  шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Сисенғалиев үлкенге көмек қолын созу, елдің игілігі үшін аянбау ықылым заманнан барын айтып, жастарымыз бас болып,  жақсылық жасаудан жарысқа түсетіндеріне сенім білдірді. Аудандық білім бөлімі басшысы Жұбан Ғұмаров: «Дереккөздерде соғыс оты лаулаған ауданымыздың территориясында жиырмаға жуық бауырластар зираты бар, еріктілердің күшімен оларға қазба жұмастарын жүргізу тірілерге парыз»,-деді.

Орда ауылдық округі әкімдігінің маманы Гаухар Сәрсенғалиева округте атқарылған істерге тоқталса, М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің аға тәлімгері Райымбек Құрманғазиев белсенді жастардан еріктілер бірлестігін құруға ұсыныс тастады.

Кеңесті жүргізіп отырған аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов еріктілік жас ерекшелікке бөлінбейтінін айтып, оған көп болып атсалысуға шақырды.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ