Тамыздан бастап, ауыз су тарифі арзандайды. Бұл туралы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Орда» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны хабарлама жасады. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап таратушы желілер арқылы ауыз су беру қызметіне тариф 1м3 үшін 215,28 теңге мөлшерінде бекітілсін. Соның ішінде:
- Тұрғындар үшін – 153,79 теңге;
- Заңды тұлғалар үшін – 316,26 теңге.
Бұған дейін жеке тұрғындар 156,90 теңге, өзге тұтынушылар 331,48 теңгеден төлеп келген еді.