24.09.2020, 15:26
Қараулар: 258
 » 
САҚТЫҚТЫ КҮШЕЙТУ – САУЛЫҚТЫ САҚТАУ

САҚТЫҚТЫ КҮШЕЙТУ – САУЛЫҚТЫ САҚТАУ

Аудан әкімдігінде мониторингтік топтың отырысы өтті. Аталмыш отырыста індеттің өршуінің алдын алуда сақтық шараларын алу, шектеу талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

— Біздің міндетіміз — отбасының жақсылығына тосқауыл қойып, ауылдасқа жаманатты болу емес. Көптеген адамның қазасына себеп болған коронавирустың қайта бас көтеруіне жол бермеу басты мақсат, -деді аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева.

Аудандық аурухана басшысы Анарбек Белисановта ауданымыз бойынша орын алып жатырған мәселелерді қозғаған болатын.

— Жаз аяқталып, күз басталар тұс — алдамшы уақыт. Дәл қазір балалардың ауруы белең алып тұр. Ішек инфекциясы, тұмау өршіп тұр. Коронавирустың иммунитеті әлсіз адамды алып ұратынын ұмытпайық, — деді Анарбек Белисанов.

Сонымен қатар әкім орынбасары тиісті сала басшыларына бас санитардың қаулысына сәйкес іс-шараларды ширатуды тапсырды.

Сайқын ауылдық округ әкімі Нұргүл Омарова, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын басқарманың басшысы Света Рамазанова және аудандық ішкі істер бөлімің учаскелік инспекторлары бірігіп, түсініктіру жұмыстарын жүргізді.

Мекеме қызметкерлері алдымен үйлену той, салтанатты және отбасылық мереке өткізетін ойлары бар жанұяларына арнайы барып ескертіп өтті.

  • Біздің алғашқы мақсатымыз халық денсаулығын сақтау болып табылады. Жаңа еңгізілген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 38-бабы бойынша, БҚО аумағында калыптасқан эпидиомиологиялық жағдайға байланысты банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, отбасылық, естелік салттық шаралар өткізуге тыйым салынады. Оның ішіне үйде өткізілетін іс-шараларды да қоссақ болады. Ал енді осы ережені бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылып, 30 АЕК көрсеткішті құрайтын айыппұл салынады. Індетпен күресу және қарапайым халықтың айыппұлға іліктірмеу мақсатында түсініктіру жұмыстарын арттырудамыз. Жақын уақытта сегіз отбасында той және басқа да мерейтой өтеді деген ақпарат бар. Бастапқыда сол сегіз отбасынан бастап, әрі қарай осы істі ширатып жүргізсек деген жоспар бар,-деді ауыл әкімі Нұргүл Омарова.

Өз тілшіміз