27.05.2021, 11:16
Қараулар: 88
ШОМЫЛУДАҒЫ ШАРТТЫ САҚТА!

ШОМЫЛУДАҒЫ ШАРТТЫ САҚТА!

Санаулы күндерден соң мектептерде оқушылар үшін жазғы демалыс басталады. Демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін көпшілігі суға шомылуға асығады Ауданымызда шомылатын айдын жоқ. Десе де шомылуға болмайды деген ескертуге қарамай жыл сайын Мұратсай көліне түсетіндер табылуда. Былтыр ескертпені елемеген екі азамат бірі суға масаң күйңнде түсіп, екіншісі суретке түсемін деп өмірімен қоштасты. Суға шомылатын айдын болмағанымен ауданымызда  төрт модульді-қаңқалы бассейн бар. Соның екеуі Сайқын ауылында болса, біреуі туризм орталығында, енді біреуі Хан ордасы ауылында бар. Суға шомылған, жүзіп үйренген жөн. Біздің тарапымыздан аудан әкімшілігіне балаларды суда жүзуге үйретуге ұсыныс та түсірілді. Тек, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Ал білгендері оны дұрыс сақтамайды.

Осы ретте, суға шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстануды ескертеміз.

Тәжірибеден белгілі, маусым-тамыз айларында ересектер тарапынан балаларға бақылау жасау әлсірейді. Ата-анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдары орны толмас оқыс жағдайларға апаруы мүмкін. Сондықтан балаңызды су жағасында қарауысыз қалдырмауларыңызды қайыра өтінеміз!

  • Тыйым салынған орындарда суға түсуге,
  • қоршау белгісінен әрі жүзуге,
  • балаларды қараусыз қалдыруға,
  • суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға,
  • суда ойнауға,
  • жалған айқай, қатер белгісін беруге,
  • өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге,
  • көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге,
  • тамақ ішкен бойда суға түсуге,
  • таныс емес жерге сүңгуге,
  • дауылды күні немесе күшті соқпа толқыны бар жерлерде суға түсуге,
  • балдырлары бар шалшықты суға түсуге болмайды.

 

ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!

  • Суға абайлап түс,
  • жүзу білмесең, суға белден аса тереңдікке барма,
  • жалғыз шомылмауға тырыс,
  • егер де ағысы қатты суға түсіп кетсең, ағысқа қарсы жүзуге тырыспа, оған шамаң жетпейді. Мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай болып ағыс бойымен жүзуің керек,
  • көмекке шақырудан ешқашан ұялма.

Бибігүл ХАЙРУЛЛИНА,

аудандық ТЖБ аға инженері, 

азаматтық қорғаныстың аға лейтенанты