27.05.2021, 11:49
Қараулар: 59
САНАҚ БАСТАЛАДЫ

САНАҚ БАСТАЛАДЫ

Алдағы маусымда қоғам өміріндегі маңызды шараның бірі ұлттық санақ басталады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен 2021 жылғы 1-30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізіледі деп белгіленді.

Ұлттық санақ екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 2021 жылдың 1-30 маусым аралығында өтсе, екінші кезең 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында өтеді деп жоспарланды.

2021 жылдың 1-30 маусым аралығында өткізілетін дайындық кезеңінде санақшылар тұрғын үйлер және тұрғын емес үй-жайлар мен құрылыстар, сондай-ақ ондағы тұратын тұрғындардың іс жүзіндегі санын нақтылау мақсатында әрбір елді мекен бойынша аралау жүргізеді.

Интервьюер тұрғын үйлерді және ғимараттарды аралап адам саны туралы мәліметтерді планшетке енгізеді. Бұл аудан аумағындағы нақты қолданыстағы тұрғын үй санын нақтылау үшін қажет болады.

Ал негізгі кезең 1-30 қазан аралығында планшеттер және Интернет желісі арқылы тікелей халықтың ұлттық санағы өткізілетін болады.

Тілеген КАДИМОВ,

аудандық статистика басқармасының басшысы