27.05.2021, 17:18
Қараулар: 26
ЖЕТПІС ЖЕЛАЯҚ ҚАТЫСҚАН МАРАФОН

ЖЕТПІС ЖЕЛАЯҚ ҚАТЫСҚАН МАРАФОН

Күйшілер саябағында аудандық «Жасыл ел»  жастар еңбек жасақтарының XVII еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті. Аудан жастары қатысқан шарада аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева мен аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев сәттілік тілеп, еңбек маусымын ашық деп жариялады.

Ашылу салтанатымен қатар  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және Бөкей ордасының 220 жылдығын арнап,  жалпыкөпшілік жүгіру марафоны және street workout  ұйымдастырылды.

Жүгіру марафонына 10- 63 жас аралығындағы 70 аудан тұрғындары және қонақтары қатысты.

Ал streetworkout  бойынша 25 жерлесіміз 15- 63 жас аралығында өзара күш сынасты.

Белсенділік танытқандар заттай сыйлық, диплом және медальмен марапатталды.

Еркебұлан РАХМЕТОЛЛА