9.04.2021, 9:50
Қараулар: 70
БӨКЕЙЛІК ЕРБОЛ ЕРЛЕДІ

БӨКЕЙЛІК ЕРБОЛ ЕРЛЕДІ

Бисен ауылының тумасы Ербол Бақытов Алматыда муай-тайдан өткен Қазақстан Республикалық кубогында жүлделі үштіктен көрінді. Ерболымыз өзі жаттығатын «Абырой» жекпе жек клубының ғана емес, тұтас ауданның абыройын асырды.  Тайлық бокстың бұл түрімен айналысқанына не бары тоғыз ай болған Ерболымыз кіл мықтылардың шын мықтысы анықталған аламанда ІІІ орын иеленді.

Ербол бұған дейін кудодан, ММА-дан облыс чемпионы атанған.

Муай-тай да, кудо да тай боксының бір түрі. Муай-тай бостандықтың күресі, көп жақты күрес дегенді білдіреді. Тай боксының заманауи нұсқасында спортшылар қол, шынтақ және тіземен ұрады.

Чемпионның тренері Мұхаммед Құрманалиев:

– Ербол аз уақытта жоғары жетістік көрсетіп отыр. Шәкіртімде чемпионға тән табандылық, қажыр-қайрат бар. Алар асу, бағындырар биігі әлі алда деп сенемін, — дейді шәкіртінің жеңісіне марқайып.

Анар АРТЫҚБАЙ