12.11.2021, 18:23
Қараулар: 26
ТУРНИР ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

ТУРНИР ТАРТЫСТЫ ӨТТІ

М ұратсай ауылдық  округінде Бөкей ордасының белгілі спортшысы, қазақ күресі, самбо күресінің жаттықтырушысы Амангелді Нұралиевті еске алуға арналған қазақ күресінен 2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары туған  жасөспірімдер арасында аудандық турнир өтті. Мұғалімдік, жаттықтырушылық қызметте табысты еңбек етті. Шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық турнирлерге қатысып, жүлделі орындардан көрініп, жеңімпаз атанды. Бөкей ордасы ауданында қазақ күресі, самбо күресінің дамуына, кеңінен қанат жоюына сүбелі үлес қосты. Алғаш боп сөз алған ауылдық округ әкімі Мейрамбек Ғилманов «қош келдіңіздер!» айтса, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жоламан Сисенғалиев пен  аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Армат Меңдешев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Әріптес достары атынан сөз алған Ринат Қалмияров, достары атынан  Рустам Бисенғалиев,  шәкірттері атынан Дәурен Насимуллиндер Амангелді марқұм туралы естеліктерімен бөлісті. Марқұмның бауырлары атынан сөз алған ағасы Мұратбек Нұралиев шараны ұйымдастырушыларға әулет атынан алғысын білдірді.

Тартысты өткен турнир жеңімпаздарына тоқталсақ,   22 келі салмақта казталовтық Нұрбол Жексенғали, 25 келі салмақта ұялылық  Нұрберген Қалиолла, 29 келі салмақта бөрлілік Сұлтан Сейғуатолла,  34 келіде казталовтық Шерхан Ғаппас,  38 келіде жәнібектік Темур Хасенов, 42 келіде      саралжындық Аслан Сатыбалды,  46 келіде жәнібектік Миршат Қанат, + 46 келіде сайқындық Бексұлтан Бекболатов І орынды иеленді.