21.05.2021, 9:32
Қараулар: 34
БАҚ ӨКІЛДЕРІ ОҚЫРМАН ҚАУЫММЕН КЕЗДЕСТІ

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ОҚЫРМАН ҚАУЫММЕН КЕЗДЕСТІ

«Жайық пресс» медиахолдингі директорының І орынбасары Ғайсағали Сейтақ бастаған, аудандық газет ұжымы қостаған топ Ұялы, Бөрлі, Хан ордасы ауылдары мен Жиекқұм елді мекенінде боп, оқырман қауыммен кездесті.

БАҚ өкілдерін бастап барған аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев әлеуметтік желі екінің біріне қолжетімді болған мынадай алмағайып заманда ақпаратты зерделеп, сауатты сараптап беретін сауатты басылымның идеологиялық маңызы зор екеніне тоқталып, бөкейлік оқырман қауымның биылғы жазылым науқанда да межеден шығып, белсенділік танытуға шақырды.

Бөрлілік Айбарша Бейісова, ұялылық Мәншүк Мұхамжарова мен Сайлаубек Мұқтаров,  хан ордалық Ғайса Махимов пен Каким Хасанғалиевтер басылым өкілдеріне ұсыныстарын айтып, пікірлерін білдірді.

Ұлпан ЖАКИНА

Бөкей ордасы ауданы