12.11.2021, 10:32
Қараулар: 21
 » 
30 ЖЫЛДЫҚҚА – 30 КӨШЕТ

30 ЖЫЛДЫҚҚА – 30 КӨШЕТ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып Сайқын ауылының М.Мәметова атындағы көше бойындағы саябаққа 30 көшет отырғызылды.

Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов бастап, аға буын өкілдері Ерболат Таңатов, Тілеген Арыстанбеков, Марат Қадешев, Меңдібай Қаресов және аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева қолдаған бастама ауылдағы басқа саябақтарда да, елді мекендерде де орын алмақ.

Айта кету керек, Сайқын ауылдық округі әкімшілігі ұйымдастырған бұл шараға бірқатар мемлекеттік қызметкерлер мен жастар қатысып, қолғабыс етті. Бүгін отырғызылған алма және мақтаншақ теректерінің көшеттері көктемде тамыр жаймақ.