15.10.2021, 10:08
Қараулар: 45
«ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМДЕ» – ЖАҢА КӨЛІК

«ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМДЕ» – ЖАҢА КӨЛІК


Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы Мадияр Өтешев аудандағы әріптестерін арнайы шақырып, су жаңа  жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады.

— Бұл көлігіміз ми батпақ, күшті борандарға шыдайды дейді. Өткен жылдары  қыстаққа жету үшін алдымызда трактор жол салып жүретін еді. Енді көктем-күз қанша батпақты, қары күртік қыс болса да жолға уақыт жоғалтпайтын болдық, -дейді аудандық қосалқы станцияның аға фельдшері Жаннұр Қоныспаева.

— Мұндай арнайы көліктер – жедел жәрдем қызметінің сапасын арттырары анық. Көліктің іші кең, биік. Қысқы аязға да, жаздағы аптап ыстыққа да төтеп бере алады. Аудан халқына сапалы қызмет көрсету үшін бар жағдайды жасап жатқан басшымыз Мадияр Амангелдіұлына, бас механигіміз Ерген Хангереевке алғыс айтамыз, – дейді бөкейлік «Жедел жәрдем» қызметкерлері.