9.04.2021, 11:28
Қараулар: 70
ДИЛЬЯРА – ЖАС РЕПОРТЕР

ДИЛЬЯРА – ЖАС РЕПОРТЕР

Бөкейлік Дильяра Есмұхан Оралда  өткен облыстық «Жайық толқыны» өлкетану фестивалінің «Жас репортер» байқауында І орынды жеңіп, аудан абыройын асқақтатты.

Аудандық туризм орталығының «Экология әлемі» үйірмесінің шәкірті Дильяра Есмұхан ұстазы, Ш.Жексенбаев атындағы орта мектеп мұғалімі Рабиға Ысқақованың жетекшілігімен  Нарын полигонына арналған репортаж дайындады. Оны жерлесіміз Нартай Аралбайұлы жүргізетін «Мәселе» бағдарламасы негізінде әзірлеп, қазылардың жоғары бағасына ие болды.  Жеңімпаз жеткіншекке алар асуларың биік болғай дейміз.

Ләйлім ЖҰМАҒАЛИЕВА,

туризм орталығының педагогы

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар