27.05.2021, 11:02
Қараулар: 39
«ТОЛАҒАЙДА» ТОП ЖАРДЫ

«ТОЛАҒАЙДА» ТОП ЖАРДЫ

Халықаралық отбасы күніне арналып спорт кешенінде мекемеаралық «Толағай» отбасылық спорттық жарысы өтті.

Отбасыдағы ауызбіршілік пен береке жас ұрпақтың болашағын бағдарлайтынын айтқан аудандық мәдениет, тілерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Жоламан Сисенғалиев жарысқа ниет білдірген М.Мәметова мен М-С.Бабажанов мектептерінің Омаров, Елекешев, Мухатовтар командаларына және аудандық демалыс орталығының намысын арқалай келген Насыровтар отбасына жарыста сәттілік тіледі.

Сайыста ата-аналар баласымен мергендікті, жылдамдықты, ептілікті байқатты. Сегіз турда тұратын жарыста отбасылар асық атып, жебе лақтырып, қапшықпен секірді. Сонымен қатар допты бірде қасықпен, бірде аяғымен, енді бірде ішіне салып, қолымен ұстамай кедергілерден өтіп, орнына алып келді.

Көңілді ойын барысында Омаровтар отбасы талассыз І орынды жеңіп алса, Насыровтар отбасы ІІ орынды иеленді. Ал Елекешевтер жанұясы мен  Мұхатовтар отбасы ІІІ жүлдені өзара бөлісті.

Раушан АППАҚОВА

Ауыл жаңалығы

Басқа да мақалалар