12.05.2021, 15:04
Қараулар: 177
ЕКПЕМЕН ТАЛАЙ ДЕРТТІ ЖЕҢІП КЕЛЕМІЗ

ЕКПЕМЕН ТАЛАЙ ДЕРТТІ ЖЕҢІП КЕЛЕМІЗ

Зарина Меңжанова, аудандық аурухананың статисі:

–       Бұл ауру елімізге таралғанда мен Шымкентте едім. Ол кезде нағашымның шаңырағында тұрып Шымкент көпсалалы колледжінде фельдшер мамандығын меңгеріп жүргенмін. Елге жайылған дерт біздің үйді де айналып өтпеді. Тілеуімді тілейтін нағашымның өзі науқастанып қалды. Төсекке таңылып, бойында коронавирустың жаман симптомдары көрініс тапты. Ақыры оның ағзасы медициналық препарат көмегімен де дертке төтеп бере алмай, о дүниелік болды.  Сол кезде осы дерпен күресуде барлық қолдан келер шарттарды орындаймын деп ойлап едім. Міне, елге оралып, өзіміздің ауруханада қызмет істеп жүргенімде ковидке қарсы вакцина да ауылға келді. Мен де алдым. Айдың соңында екінші бөлігін алмақ ниеттемін. Екпе алар бұрын дәрігерлер тексеріп, рұқсатын берді. Алған соң әріптестерімнің бақылауында болдым. Ешқандай жайсыздық сезбедім. Екпе алу бір жағынан кезінде ойыма алғанымның орындалғаны, екіншіден азаматтық парызым деп білемін. Себебі екпемен адамзат талай дертті жеңген. Осы дертке дауа екпеде деп білемін.