5.11.2021, 10:28
Қараулар: 29
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – КІШІГЕ МІНДЕТ

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – КІШІГЕ МІНДЕТ

Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева және аудандық мәслихат депутаты Ғайса Махимов еңбек ардагері Қанатбай Айтқалиевке Бөкей ордасы ауданының «Құрметті азаматы» төсбелгісін барып табыс етті.

Ұзақ жылдары мал шаруашылығы саласында жұмыс істеген Қанатбай атамыз әр жылдары «Еңбек данқы» ордені, бірнеше медаль, алғысхаттармен марапатталған. Майжамал әже екеуі бұл күндері ұл, қыздарынан немере-шөбере, жиен-жиеншар көріп, ұрпақ қызығына кенелген берекелі әулеттің қос қазығына айналған.

Атамыз да еңбегін елеп, айтулы мерекеде марапатқа ұсынған қауымға алғысын айтып, аудан басшылығына ризашылығын білдірді.

Анар АРТЫҚБАЙ

БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫ