Ел тарихындағы айтулы дата Бөкей хандығының 220 жылдығы, Жәңгір хан мектебінің 180 жылдығына орай логотип байқауы жарияланғаны белгілі. Байқауға аудандағы музей-қорық, балалар техникалық орталық пен мектептерден сегіз үміткер қатысты. Үміткерлердің ең жасы Нұртілек Машан М.Мәметова атындағы орта мектептің 7-сыныбында оқиды.
Арнайы комиссия шешімімен М.Бегалиева атындағы орта мектептің мұғалімі Сағадат Байболаваның жұмысы үздік деп танылды.
– Сағадаттың жұмысы логотиптың көркемдік талаптарына сәйкес, «сөйлеп тұрған» жұмыс, — деп бағалады комиссия мүшесі аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығы басшысы Мереке Махимов.
Байқауға жұмыстарын жолдаған барлық үміткерге сыйкәделер табысталмақ.
Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ