27.02.2021, 17:11
Қараулар: 183
ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ

ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ

Өткен жылды нәтижелі қорытындылаған аудандық саз мектебі  сиыр жылын да сан түрлі жүлдемен бастады. Күні кеше Алматы қаласында онлаин өткен «Ұлы дала ұрпағымыз» атты  халықаралық байқауына қатысқан бөкейлік өнерлі өрендер жүлделі орыннан көрінді.

Атап айтқанда, Саида Ажғалиеваның шәкірті Айбек Менеш «Құттықтаймын мама» шығармасымен бас жүлде алды. Бұл Айбектің өнер жолындағы алғашқы жеңісі. Саиданың осы өнер додасына қатысқан басқа шәкірттері де жүлдесіз қалмады. Еліміздің әр түкпірінен қатысқан жетпістен астам өнерпаз арасынан өнерімен ерекшеленді. Қазанғаптың «Шыныаяқ тастар» шығармасын орындаған «Арлан» триосы, «Талас» күйін тартымды орындаған Сабрина Мұқанова, вокал жанры бойынша «Көк аспан» əнін шырқаған Мансұр Өтеғалиев І дәрежелі лауреат атанса, Соқыр Есжанның күйін орындаған Махаббат Төлегенова, Қазанғаптың «Құс қайтаруын» күмбірлеткен Балайна Хамидолла мен «Құттықтаймын мама» шығармасын орындаған Темірлан Батыров ІІ дәрежелі лауреат атанды.

Осындай үздік орындаушыларды шыңдаған Саида Ғайноллақызы «Үздік жетекші» танылып, марапатқа ие болды.

Анар АРТЫҚБАЙ

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар