29.07.2021, 12:08
Қараулар: 145
«ҚАЗСУШАРЛЫҚТАР» МАРАПАТТАЛДЫ

«ҚАЗСУШАРЛЫҚТАР» МАРАПАТТАЛДЫ

Ауданымыздағы су ресурстарын жүйелеп оны басқару жолында «Қазсушар» РМК БҚФ Бөкей ордасы өндірістік учаскесінің қызметін ерекше атап өтуге болады.    9 шілде су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аталмыш мекеменің бірқатар мамандары марапатталды.

– Бүгінгі таңда өздеріңдей сала мамандарының жанкешті еңбегінің нәтижесінде ауданның аумағын тиісті су қорымен қамту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алға қойған мақсат-міндеттер де аса маңызды.  Сондықтан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деп ізгі тілегін жолдаған учаске басшысы Махамбет Кенжеғалиев  әріптестерін алғысхаттармен марапаттады.

Нақтылап жазар болсақ ҚР Экология  геология және табиғи  ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің алғысхатымен трасса аға шебері Бейбіт Карабалин ,  ҚР Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық  бірлестігі төрағасының Құрмет грамотасымен Анар Темірешова,  «Қазсушар» РМК БҚФ ұсынған  Құрмет грамотасы электромонтер  Асланбек Ізбасқановқа, трасса шебері Қалау Қалиев, эксплуатация машинисі Айбек Мұратов, автокөлік жүргізушісі  Әльфараби Темірешов,  диспетчер Багир Шигаевтарға берілді.

Айта кетелік, аудандық  өндірістік учаскесінің басшысы Махамбет Кенжеғалиев Орал қаласында өткен салтанатты жиында  ҚР ауылшаруашылығы қызметкерлері кәсіптік одағының  ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы»   төсбелгісімен марапатталды.

Арайлым МАРАТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар