2021 жылғы 10 қаңтарда Бөкей ордасы аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 9640 сайлаушылар енгізіліп, оның 8695-сі немесе 90,2% сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 8623 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 1 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 245 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға үш саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:
«Nur Otan» партиясы-6899 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 81,85%.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-1499 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 17,78%.
«ADAL» саяси партиясы-31 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,4%.
- Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар белгіленсін:
«Nur Otan» партиясы – 81,85%.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы — 17,78%.
- Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленсін:
- Nur Otan » Партиясы — 9
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-2
Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы