7.04.2021, 15:58
Қараулар: 76
МЕРЕЙТОЙҒА ЖИНАҚ ШЫҚПАҚ

МЕРЕЙТОЙҒА ЖИНАҚ ШЫҚПАҚ

Бөкей хандығының 220 жылдығы, Жәңгір мектебінің 180 жылдық мерейтойларына орай жинақ шықпақшы. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиевтің төрағалығымен өткен басқосуда белгілі болды.

– Жинақтың мазмұны, ғылыми маңызына мән беруіміз керек. Сондықтан сапалы, нәтижелі жұмыс жасайтын, сауатты сараптайтын редколлегия құрамын бекітуіміз керек, — деді аудан әкімінің орынбасары.

Басқосуға қатысушылар жинаққа Бөкей хандығы, қазіргі Орда тарихына қатысты ғалымдардың еңбектерін енгізген жөн десті.

  • Мектептің мерейтойына жинақ шығаруда мазмұн мен маңызға мән беруіміз керек. Қазір сол мектепте жемісті жұмыс жасаған ұстаздарды қамтысақ, біреуінің көзі жақсы, біреуінің сөзі жақсы. Қолда бар материалдар сапасыз тек өмірбаянымен, марапатымен шектелген. Кейіпкердің характері ашылмаған, шикі дүние. Мектеп тарихына қатысты жинақ шығарамыз десек, қатаң сұрыптап, сапаға ғана жұмыс жасағанымыз жөн. Сонда ғана пәлен жыл өткеннен кейін маңызы артпаса, құнын жоймайтын жинақ жасақтай аламыз, –десті жұмыс тобының мүшелері.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ