Мұғалімдер күніне арналған «Ұстазым, менің ұстазым» атты республикалық өнер байқауында әріптесім Ерасыл Сатқанның жетекшілігімен құрылған бөрлілік «Тартыс» атты домбырашылар тобы жүлделі І орынды иеленді. Бұл байқау «Алау ГРУПП» дарынды балалар мен жасөспірімдер оталығының ұйымдастыруымен онлайн форматта өтті.
Алғашында машықкер болып қызметке тұрған Ерасыл Сатқан жастық жалынмен жұмысқа білек сыбана кірісіп, шәкірт тартып, оларды домбыраға дағдыландырып, күй үйреткен еді. Міне, еріңбеген еңбегі жемісін беріп, шәкірттері алғашқы жеңіске жетті. Ұстаз үшін шәкірттің жетістігі ең жоғары баға десек, бұл қазір Бөрлі мәдениет үйінде «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыс істеп жүрген Ерасыл Сатқанның алғашқы жеңісі. Әріптесімізді аталмыш жеңісімен, шәкірт тәрбиелеудегі жетістіктерімен құттықтаймыз.
Әсел АЙТҚАЛИЕВА,
Бөрлі мәдениет үйінің әдіскері