16.04.2021, 10:17
Қараулар: 71
ЖЕМҚОРЛЫҚ – ДАМУҒА ТҰСАУ

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ДАМУҒА ТҰСАУ

«Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Исатай Құрмашев елдің дамуына тұсау, кемелденуіне кесір боп жабысқан жемқорлықпен күресті кеселдің себебінен бастаған жөн деді. Аудандық кітапхана қызметкері Орынгүл Маралова жемқорлық індетімен күресті ұйымдастыру бағытында кітапхана жанынан «Парасат жолы» орталығы құрылғанын мәлімдеп, алған бағытымен таныстырды.

–Ай сайын жүргізілетін сыбайластықты анықтау сауалнамасы бойынша көпшілік қорғау саласында парақорлықтың ықтималдығы жоғары екендігін айтуда. Сыбайластық фактісі ауданымызда тіркелмеді. Дегенмен қоғамдық пікірді ескеруіміз шарт. Осы ретте полиция қызметкерлері жүргізген жұмыстары хақында кездесулерде, әлеуметтік желілерде кеңінен түсінік берген жөн, – деді аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ

Бөкей ордасы ауданы