Сайқын ауылдық округіне қарасты Жәрмеңке елді мекеніндегі кітапхана екі пәтерлік үйдің бір жағына орналасқан екен. Көршісі көшіп кеткен, тек көшіп кетпей, үйін бұзып әкетіпті. Кітапханамен жапсарлас қабырғасын қайта қаламаған. Күз келіп, дымқыл тұман еңсе басқан кезде қабырғаның жалаңаш тұрғаны кітапханашы Тұрсын Жақсылықоваға кәдімгідей уайым боп жүр. Отымен кіріп, күлімен шығатын Салтанат Абдированың еңбегі еш. Әлі әнебір салқын түсе қоймаса да, бар жылуды жалаңаш қабырға «жұтып» алып тұр. Қазір мынадай, қыстың көзі қырауда қайтпек керек?…
Фотосуретті түсірген Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ