11.06.2021, 17:36
Қараулар: 56
«ЖАС АЛАШТЫҚТАР» БӨКЕЙ ЕЛІНДЕ

«ЖАС АЛАШТЫҚТАР» БӨКЕЙ ЕЛІНДЕ

Өткен аптада саясаттанушы, қоғам қайраткері Дос Көшім, «Жас алаш» республикалық газеттің бас редакторы Қайрат Мартеков, «Жайық Пресс» медиахолдингінің басшысы Табылғали Сапаров бастаған топ Хан ордасы ауылына арнайы келді. Әрісі Ғани Мұратбаев, Сәкен Сейфуллин сынды қоғам қайраткерлері, берісі қазақ әдебиетінің алыптары Шерхан Мұртаза, Сейітахмет Бердіқұлов, Оралхан Бөкей сияқты мықтылар  қызмет кеткен «Жас алаш» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай киелі жерге бет бұрған журналистер шағын аудиториямен жүздесіп, батыс өңірінің шетіндегі ауданның тұрмысымен танысып, толғандырған мәселелерді ортаға салып, емен-жарқын әңгімеге шақырды.

Дос Көшім:

–Уақытында бұл басылым бір жақты саясат ұстанды, алайда, қазір елдегі игі бастамалардың орындалуын бүкпесіз жеткізетін басылымның бірі де бірегейі. Шындықты жалау еткен үнпарақ, қай нәрсе де объективті тұрғыда қарауды мақсат тұтқан ұжым. Сондықтан да мен де өз мақалаларымды дәл осы басылымға жолдап, сонда жарық көргенін қалаймын,–деді.

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов қонақтарға қош келдің айтып, кезінде «Лениншіл жас» атауымен шыққан осы республикалық басылыммен жастығы байланысты болғанын айтты. Өз кезегінде аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева:

–Ауданымыз шекаралық болған соң, көптеген аспектісі ескерілген «Шекара» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асқанын қалаймыз. Сонымен қатар тұрғындарды әсіресе, жас мамандарды тарту бағытында жұмыстар ескерілсе, жақсы болар еді. Ауданымызда жаппай көшу тіркелмегенімен, жастар ауданымызға келмесе, тұрақтамаса, біртіндеп мектептеріміз жабылып, бара-бара шағын ауылдарымыз тарап кетуі ғажап емес. Сол себептен шекаралық аймақтағы осы бір күрделі мәселелерді республикалық басылымыңызда жүйелі көтеріп тұрсаңыз билік басындағыларға жетер деген ойым бар,– деді.

– Ия, осыдан 20-25 жыл бұрын осы Бөкей ордасы ауданында 20 мыңнан астам тұрғын болды. Ал бұл күнде ол көрсеткіш едәуір төмендеп кеткен. Аудандық ауруханасында анестезиолог маман жетпегендіктен, жүкті әйелдері Жәнібек не Орал қаласына барып босануға мәжбүр болуда. Ойлап қарасыңыз бүгінгі сәбилердің дені ордалық болғанымен өзі осы ауданды тудым, осында менің кіндік қаным тамды деп айта алмайды. Неге? Тиісті дәрігер жетіспейді. Бұл бір ғана мәселе. Осы жайларды аудандық газетті көтерілді. Алайда, ол жоғарыдағыларға жетпей жатыр. Журналистер билік пен халық арасындағы көпір іспеттес дейміз. Осы ретте аудан халқының жанайқайын жоғарыға жеткізуге жәрдемдессеңіз,-деп бір мәселенің бұрышын қозғаған «Жайық Пресс» медиахолдингінің басшысы Табылғали Сапаров бірлесіп қызмет етуге шақырды.

Меймандар музейге айналған хан Жәңгірдің ставкасын аралап, бабалар пантеонына тәу етті.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ