30.06.2021, 18:49
Қараулар: 48
ОБЛЫС ИМАМЫН ҚАБЫЛДАДЫ

ОБЛЫС ИМАМЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов  БҚО бойынша  өкіл имам Бақытжан Сабралиевты арнайы қабылдап, аудандағы діни ахуал туралы және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде сұхбаттасып, діни-рухани шаралар жоспарын құрудың маңыздылығын да кеңінен талқылады.

  • Жат ағымдарға тосқауыл қоюда діни ағартушылық бағыттағы жұмыстарды ширатудың маңызы зор. Әсіресе, жастар қауымын теріс пиғылды топтардың арбауына түсіріп алмау керек. Бұл бағытта тиісінше шаралар жүзеге асырылып,ақпараттық түсіндіру жұмыстары атқарылуда, –деді аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов.

Өз кезегінде облыс имамы Бахытжан Сабралиев те  ел бірлігін сақтау мен тұрақтылықты қамтамасыз  ету  тұрғысында әңгіме өрбітіп, жергілікті мешіт жамағатының игі бастамаларына қолдау білдіріп жүрген аудан басшылығына алғысын білдірді.

Бұдан соң облыс имамы бастаған топ жастар, мектеп мұғалімдері, құзырлы орган өкілдері қатысқан  жиында сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтарды  насихаттау,  дінаралық татулық пен ауызбіршілікті нығайтудың өзектілігін атап өтті.  Аталмыш кездесуге облыстың наиб имамдары Әбдісамат Әлібаев, Мейрамбек Әбдірахмановтар да қатысты.

Арайлым ЕСМАҒҰЛ