27.05.2021, 15:18
Қараулар: 27
САЙҚЫННАН СНАРЯД ТАБЫЛДЫ

САЙҚЫННАН СНАРЯД ТАБЫЛДЫ

Мамырдың 24-і күні сағат 16:30-да аудан орталығы Сайқын ауылынан снаряд табылды. Ауыл шетінде жер қазып жатқан тұрғын таттанып кеткен снаряд тауып алған. Оның ұзындығы 100 см, диаметрі 15 см.

Снарядты соғыстан қалған естелік деп тануға болады. Екінші дүниежүзілік соғыстың біздің өлкені шарпып өткені бәріне белгілі. Сталинград майданына қатынайтын теміржол нақ осы Сайқыннан өтетіндіктен аудан орталығын жау ұшақтарының нысанасына айналған еді. Бірнеше мәрте бомбаланып, әскерлер мен бейбіт тұрғындар да мерт болғаны белгілі.

Снаряд табылған орын оқшауландырылып, полиция қызметкерлерінің қатаң бақылауына алынды. Снарядты Орал қаласынан арнайы барған саперлар залалсыздандыратын болады.