30.06.2021, 18:42
Қараулар: 36
ДЕМЕУШІЛЕРІМІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!

ДЕМЕУШІЛЕРІМІЗГЕ МЫҢ АЛҒЫС!

Басылым мәртебесі таралыммен өлшенетіні белгілі.  Жазылым науқанында ұжымын түрлі басылымға жазылуға үндеп, өзі бастамашы боп, бір жылға бір-ақ жазылып науқанды жыл аяғында жауып тастайтын «Қазсушар» Бөкей орда учаскесі сияқты іргелі мекемелер, біз барған Сейітқали, Жиекқұм, Үштерек, Кеңой мен Жәрмеңке елді мекендеріндегі бастауыш мектеп мұғалімдеріне айтарымыз алғыс қана. БҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық қорғаныс жұмыс қызметі» ММ №26 өрт сөндіру бекетінің ұжымы да қай газетке де бір жылға бір жазылып, жазылып науқанына нүкте қойып тастаған ұйымшыл ұжым. Бекет басшысы азаматтық қорғау подполковнигі Қуанышбек Еркіналиев  арнайы барған бізді құр қол қайтармай, штаттағы жеті қызметкер жеті ауылдасты аудандық басылымға жаздырамыз деп сендірді. Тек жұмыстарына ғана емес аудан үнжариясының таралымына да сергек қараған ұжымға «сәттілік серік болсын!» дейміз. Өйткені, бұлардың мойында округтегі тұрғын жайдың ғана орман байлығының да, ауданның жауһары тарихы мекеннің қауіпсіздігі бар. Өздері де ғасырдан астам тарихы бар ғимаратты мекен еткен өрт сөндіруші жігіттер «бізге қалғуға, қапы қалуға болмайды» дейді.

Дәл осындай жақсылықты аудандық сот ұжымы да жасады. Аудандық соттың бұрынғы төрағасы Гүлжихан Сағитова басқа ауданға ауысып бара жатса да, біздің басылымға үлкен қолдау көрсетіп үлгерді. Жыл сайын өздерінен басқа он шақты ауылдасты аудан газетіне жаздыру   Гүлжихан Темірболатқызы басқарған ұжым үшін темірдей тәртіп болатын. Мақаламыз жақсы шықса, елден бұрын қуанып, бөлісетін, өзі де материал ұсынып, заң талаптарын түсіндіріп, қараған істерін оқырманға ой салсын деп баспаға ұсынып, белсенді авторымыз болған Гүлжихан Темірболатқызының біздің редакция үшін орны ерекше. Темірболатқызының жаңа жұмыс орнында да дәл осындай алғысқа бөленіп, абыройлы еңбек ететініне сенімдіміз.

Халық қалаулысы, шаруа қожалық иесі Ермек Меңдешов те барын халқымен бөлісуден еш аянбайды. Пандемия бас көтерген тұста оттегі концентраторы мен бірқатар дәрі-дәрмек алып, аудандық аурухананы бір демегені ел есінде. Осы жолы ағамыз он ауылдасын аудандық газетке жаздырды.

Көз жазып қалмай, алдағы жартыжылдыққа жазылған әр оқырманға, жазылымға демеуші болған әр азаматқа айтарымыз алғыс қана. Бізбен бірге болғаныңызға рақмет!