12.05.2021, 15:58
Қараулар: 123
Жұбан Ғұмаров, М-С. Бабажанов атындағы орта мектептің директоры:

Жұбан Ғұмаров, М-С. Бабажанов атындағы орта мектептің директоры:

–»Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген бар емес пе? Коронавирус дертіне тосқауыл қою және алдын алуда «Спутник-V» вакцинасын салдыруды дұрыс деп есептеймін. Өзім де екпенің алғашқы кезеңінен өттім, 6-шы мамыр күні екінші дозасын аламын. Екпе салдырғаннан соң дене қызуым көтеріліп, ауырсынулар байқалды. Қызудың көтерілгені жақсы белгі. Бұдан қорқып-үркудің еш қажеті жоқ. Әйелім де екі дозасын салдырды. Денсаулығына еш шағым айтқан емес. Алдағы уақытта үлкен кісілерге, жасөспірім балаларға вакцина жасатудың қажеттілігі айтылса ойланбастан анам мен балалары ма салдырамын. Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде вакцинация хақында түрлі пікірлер өріп жүр. Негізсіз ақпараттарға сенбеу керек. Кезінде оспа, оба секілді аурулар таралғанда халық жаппай қырылды. Осындай эпидемиологиялық қиын жағдайдан адамдардың өмірін  вакцинация ғана арашалап алды. Коронавирус кеселін таратпаудың жолы да екпе салдыру деп сеніммен айта аламын. Өзім де екпе жасатудан қашпау керектігін айтып жүремін. Қоғамдық иммунитетті қалыптастыруға баршамызда мүдделі болуымыз шарт.