27.05.2021, 11:10
Қараулар: 112
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ СЫНАЛДЫ

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ СЫНАЛДЫ

Қасиетті Ораза айт мейрамына орай мешіт жамағаты арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында танымдық шара өткізілді. Бас-аяғы бес қатысушы сынға түскен сайыста  Құран Кәрімге қатысты сауалдар қойылып, Құранды мәнерлеп оқу, тәжуид ережелеріндегі шеберліктері бағаланды.

Аталмыш сайысқа ауданның бас имамы Қуандық Насыров, теолог Мұратхан Нәбиғалиев, Нұр Мүбарак университетінің 2-курс студенті Мұхаммед Али Медетұлы төрелік етті.

Үш кезең бойынша да терең білімін байқатқан Еламан Қазиев І орынды жеңіп алса, ІІ орынды Шыңғыс  Әділбекұлы, ІІІ орынды Ернар Хамзин  иеленді.

Жүлдегерлерге сыйлықтар мен алғысхаттар табысталды.

Арайлым МАРАТ

БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫ