16.04.2021, 10:35
Қараулар: 86
ӘКІМ ЧЕМПИОНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ӘКІМ ЧЕМПИОНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

 

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов қол күресінен тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында өткен ҚР чемпионатында 85 келі салмақ бойынша І орынды еншілеп, чемпион атанған саралжындық жерлесіміз Алманияз Қаналиевті қабылдады.

  • Тек Бөкей ордасының ғана емес, батыс өңірінің мерейін асырып, абыройын асқақтаттыңыз. Алдағы уақытта да айтулы додаларда намысты қолдан жібермей, спорт саласындағы жетістіктерімізді еселей беруіңе тілекшіміз, – деп жылы лебізін білдірген аудан әкімі спортшыға естелік сыйлықтарын табыстады.

Аталмыш шараға қатысқан аудандық мәслихаттың хатшысы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дмитрий Семилидилер де спортшыға  чемпиондық тұғырлардан көрініп,   әлемдік додаларда топ жара беруіне тілектестігін білдірді.

Алманияз Қаналиев  биылғы тамызда өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғамақ.

Арайлым МАРАТҚЫЗЫ