21.05.2021, 9:35
Қараулар: 148
ӘЗЕРБАЕВТЫҚТАР БАСТАМАШЫ БОП, МЕШІТ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

ӘЗЕРБАЕВТЫҚТАР БАСТАМАШЫ БОП, МЕШІТ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

 

Әзербаевтықтар деп айшықтап отырғанымыз ауыл емес, аудан орталығындағы іргелі көшенің бірі. Бұған дейін мерекелік шараларға бір кісідей қатысып, жүлдені бермеген ұйымшыл көше тұрғындары бұл жолы аудандық газетке қолдау білдіріп, игі іске бастамашы болды.

Көше тұрғындарының басым бөлігі бір-бір мекемеде жұмыс жасайтын, аудан үнжариясына бір жылға тұтас жазылған тұрақты оқырмандар. Осы жолы бірігіп, 15 отбасын газетке жаздырып, демеушілік танытты. Десе де бұл тату-тәтті көшенің діттеген межесі емес. Ай аяғына дейін әлі де жаздырамыз деп отыр.

«Газеттің сыртқы дизайны ғана емес,  ішкі мазмұны да байып, қызықты,танымды айдарлармен толықты. Ауданның үнжариясын қолдауға әр кез дайынбыз» дейді әзірбаевтық тұрғындар бірауыздан.

Бұл бастама аудандық мешіттің  бас имамы Қуандық Насыров бастаған мешіт жамағатынан  да жалғасын тапты.  Жамағат халықтың рухани дамуына бейжай қарамайтындықтарын анық байқатып, мұқтаж жанұялардың газет оқуына үлестерін қосты.

Төл басылымдарының таралуына бір кісідей үн қосқан барша ағайынға ұжым атынан алғыс айтамыз.

 

Редакция алқасы

Бөкей ордасы ауданы