23.08.2016, 10:05
Қараулар: 1951
 » 
Жаңа дүкен – «АқТау»

Жаңа дүкен – «АқТау»

г-416 (1)Сайқын ауылында кәсіпкер Ақлима Ишанованың «АқТау» жеке дүкенінің ашылу салтанаты оздырылды.

 

Жаңа кәсіпкерлік нысанның ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов іскер жанұяның отбасылық бизнестеріне табыс тілесе, кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бибігүл Жұмағұлова, көршісі, ақ жаулықты ана Зура Тәшімова Тұраливтердің игі бастамаларына құтты болсын айтты. Дүкен есігіне керілген лентаны қию құрметі аудан басшысы Нұрлан Сағынтайұлы мен Зура әжейге бұйырып, артынша ішке енген жамағат азық-түлік, шаруашылық тауарларының құнымен танысты. Ауыл имамы Назымбек Иманғалиев құран оқып, көпшілік ақ пен бауырсақтан ауыз тиді.

Айта кетелік, дүкеннің «АқТау» атауы ұл-қыздардың ата-анасы Таупих пен Ақлима есімдерінің алдыңғы буындарынан шығарылған екен. Ал, сатушысы аталмыш шаңырақтың келіні, яғни, Талғат Тұралиевтің жолдасы Айман Асанғалиева.

Іске сәт, бизнеске жаңадан бет бұрғандар!

Г.КАЛЕСҚЫЗЫ.

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.