15.03.2017, 0:56
Қараулар: 221
Жүлдемен оралған ұл-қыздар

Жүлдемен оралған ұл-қыздар

р-072 - копия

Облыс орталығында оздырылған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы баскетбол ойынынан Батыс Қазақстан облысының чемпионатына қатысқан мектебіміздің екі командасы да (ұлдар мен қыздар) жүлделі ІІІ орынды иеленді.

Спорт десе ішер асын жерге қоятын мықтылар арасынан өзіндік ойын стилін байқатқан ұл-қызымыздың бұл жетістікке жетуіне себепші осы кезге дейін баулып-баптаған жаттықтырушы Алмабек Жанғалиевтің төккен тері десек, қателеспейміз. Компьютердегі, ұялы телефондардағы ойындардан гөрі салауаттылықты насихаттайтын спорт түрімен айналысқан жасөспірімдердің одан әрі дамып, биіктерден көрінуге қол ұшын созып, қалаға баруына мейлінше мүмкіндік туғызған аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Иманбаевқа, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Айтқалиевке, бас маманы М.Ғиылмановқа, Сайқын ауылдық округінің әкімі М.Аққалиевке, Саралжын ауылдық округінің әкімі Н.Сабыровқа, көлік жүргізушісі А.Бекболсыновқа және балалары мен ұстаздарға сенім білдірген ата-аналарға ризашылығымыз шексіз.

Спорттық жарысқа барып, мектебіміздің, ауданымыздың намысын қорғап жүрген жасөспірімдерге жеңіс тұғырынан көріне бер дей келе, мақтаныш сезімін тудыратын осындай ұл-қыздарымыздың қатары көбейе берсін деген тілегіміз де бар.

 

Қырмызы ҚОЙБАҒАРОВА.

құттықтаймыз

Басқа да мақалалар