18.03.2017, 11:06
Қараулар: 65
Ашық сабақтар

Ашық сабақтар

Бүгінде білім саласында кеңінен оқытылып жүрген Кембридж бағдарламасын насихаттау мақсатында М.Мәметова атындағы орта мектепте «Ең үздік сабақ»  байқауы оздырылып, оған қатысқан  11 ұстаз ашық сабақтары негізінде осы бағыттағы педагогикалық шеберліктерін байқатты.

Мұғалімдер жаңа технологияны, түрлі әдіс-тәсілдерді, аталмыш бағдарламаның 7 модулі бойынша сабақтарын құрастырып, ұстаз бен оқушы арасындағы  тығыз  байланысты орнатып, жоғары деңгейде өткізді. Әр ұстаздың өзіндік ерекшеліктері де болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша қазақ тілі пәнінің мұғалімдері А.Алтаяқова «Зерделі  ұстаз», Д.Мұхитова «Тілі ұшқыр, ойы терең», химия пәнінің мұғалімі Д.Дәулетова «С Менделеевым  на « ты»,  физика пәнінің мұғалімі  А.Қисметова «Законы Ома ей знакомы», ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Г.Шәкіржанова «Представительница  Британской империи»,  бастауыш сынып мұғалімі А.Отарбаева  «Единственная в своем  роде» номинацияларына алса, жүлделі ІІІ орынды  бастауыш сынып мұғалімі  Р.Батырова  мен  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Ж.Насимоллина,  ІІ орынды  бастауыш сынып мұғалімі А.Темірғалиева, І орынды тарих пәнінің мұғалімі Д.Сұлтанғалиева иеленді. Ал,  «Ең үздік сабақ» байқауының жеңімпазы болып  қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Қабдушева атанды.

Сайыскерлердің жан-жақты дайындығын көрсеткен бұл байқаудан әріптестердің алатын тәжірибелері де мол болды.

Балжан ХАЙРОШЕВА

мектепішілік шара

Басқа да мақалалар