19.04.2017, 19:08
Қараулар: 373
Мәні зор кездесу

Мәні зор кездесу

а-430 2

Бисен ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Жеңіс Төлеуов Т.Масин атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесіп, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау жөнінде әңгіме өткізді. Онда балалардың себепсіз сабақ қалдырмауы, егер қалдырса есепке алынып, талдау жасалатыны, ата-анасының жауапкершілікке тартылатыны, баласына тәрбие бере алмағандардың  үстінен іс қозғалатыны айтылды. Әлеуметтік желілердегі  келеңсіздіктер, экстримизм жайы да тілге тиек етіліп, жат ағымдардан сақ болу, одан аулақ жүру қажеттігі ескертілді.

Кездесу жиынына қатысқан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ержан Баймұратов елімізде болып жатқан жайттарды мысалға ала отырып, оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында мектеп мұғалімдерінен құрылған топ мүшелерін таныстырды.

Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, толымды жауаптар алды.

                                                                  Айзада ТӨЛЕПОВА,

аға тәлімгері.

Бисен ауылы.

мектепішілік шара

Басқа да мақалалар