Жаналыктар

АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Үлкеннің ризашылығы

Күні , 212 рет оқылды

Жасымыз ұлғайған сайын, көмекке мұқтажданып келеміз. Әрине, тиісті органдар, яғни, әлеуметтік қызметкерлер өз міндетін мінсіз атқаруда. Өзге мекеме қызметкерлері де жәрдемдесіп тұрады. Ауа райы күрт өзгеріп, ақпан айының соңында толассыз жауған қар аула, қора-қопсымызды түгел басып тастады. Осындайда көмектерін көрсетіп, қар ашып, қорамды тазалап, отын-суымды кіргізіп, қолдан келгендерін аямаған «Нарын жастары» ЖҚБ, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың, Бөкей ордасы колледжінің, М-С.Бабажанов, М.Мәметова атындағы орта мектептердің, сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы және аудандық аурухана ұжымдарына көп рахмет. Олардың мен секілді өзге де жалғызілікті жандарға қолұштарын беруде екендіктерінен хабардармын. Жастарымыздың қарияларды құрметтеп, қамқорлық танытып жатқаны бір кездегі ұрпақ тәрбиесіне араласқан еңбегіміздің еш кетпегені деп білемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Бейбіт өмірдің бағасын, қадірін білуді кейінгі ұрпақтың санасына сіңіре білейік.

Әнипа ІЗБАСАРОВА,

зейнеткер-ұстаз.

Сайқын ауылы.


Пікір қалдыру


БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын селосы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй
[email protected]

"Орда жұлдызы" газетінің
бас редакторы: 8 (71140) 21 5 30
Жауапты хатшы, тілшілер: 8 (71140) 21 8 42
Есіп және жарнама бөлімі: 8 (71140) 40 0 64