20.02.2018, 8:14
Қараулар: 524
Ұжымның ұстанымы берік

Ұжымның ұстанымы берік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамымен кездесу өткізді.

Тілеген Керейұлы сыбайлас жемқорлықпен күреске әрбір қазақстандықтың атсалысып, үлестерін қосуы керектігін әңгімелеп, бұл құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін күнделікті іске айналуы қажеттігін айтты. Әрі кез келген түйіні қиын мәселелердің шешімін табуға қол ұшын беру үлкен-кішінің ортақ парызы екенін жеткізді. Осы жайға қатысты Елбасымыз Н.Назарбаевтың биылғы Жолдауында атап көрсетілген бағыттарды да саралап берді. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай ауыл шаруашылық ардагерлерінің облыстық энциклопедиясы дайындалып жатқанынан құлағдар етіп, оған да белсене көмек көрсетуді сұрады.

Айша ҚҰРМАШ.