Жаналыктар

АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

«Көктем – 2018»

Күні , 50 рет оқылды

Су да тілсіз жаудың бірі. Теңіз тамшыдан құралады демекші, күрт еріген қар суы да үлкен апат әкелуі мүмкін. 2010-2012 жылдардың көктеміндегі әбігершілікті аудан орталығы тұрғындары әлі ұмыта қоймаған шығар. Талай үйдің ауласы, бассейндері суға кетіп, төтенше жағдай бөлімінің құрылғылары пайдаланылып, арықтар қазылып, грейдерлі жолдар бұзылмап па еді?! Осындай тосын жайдың алдын алу үшін 5 наурыз күні республика бойынша оздырылған «Көктем – 2018» оқу-жаттығу шарасына бөкейліктер де белсене атсалысты. Төтенше жағдай жөніндегі аудандық штаб бастығының орынбасары – аудан әкімінің орынбасары Р.Зұлқашев пен аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау майоры Т.Апақаев және штаб хатшысы, аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы А.Ерешев сапқа тізілген түрлі қызмет (жалпы саны – 12) саласы құрамалары басшыларының баянаттарын тыңдап, әзірліктерімен танысты. Дабыл қағылған жағдайдағы әрекеттерін пысықтады.

Дәулет ӘЛИЕВ.


Пікір қалдыру


БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын селосы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй
[email protected]

"Орда жұлдызы" газетінің
бас редакторы: 8 (71140) 21 5 30
Жауапты хатшы, тілшілер: 8 (71140) 21 8 42
Есіп және жарнама бөлімі: 8 (71140) 40 0 64