3.07.2018, 9:16
Қараулар: 240
Жаңа мейрам

Жаңа мейрам

Бөкей ордасы тарихи-музей кешені ұжымы ұйымдастырған «Домбыра – даламыздың үні, данамыздың жыры» шарасы да ауқымдылығымен ерекшеленді. Онда мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындарынан құралған оркестр Құрманғазы, Дина, Сейтек, Дәулеткерей шығармаларын бірінен соң бірін асқақтата орындады. Музей қорында сақталған дәулескер күйші Есел Қазиевтің, айтыскер ақын-cазгер Кенжеғали Балабасовтың, кезінде Орда ауылдық мәдениет үйі жанынан қырық адамдық оркестр жасақтап, соған жетекшілік еткен Жанғазы Темірәлиевтің, 1957 жылы Мәскеуде өткен Дүниежүзілік жастар мен студенттердің алтыншы фестивалінің дипломанты Биболат Аюповтың, Насимолла Бихановтың ұстаған домбыралары көрмеге қойылып, келушілер қызыға тамашалады.

Қазақтың қазақтығын танытатын төл аспабымыз дәріптеліп, оны шебер меңгергендер қатары көбейсін, домбырамыздың даңқы арта берсін!

Мира ҚҰТЫШЕВА.

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.