25.07.2017, 11:33
Қараулар: 352
Жұмылғанның жүгі жеңіл

Жұмылғанның жүгі жеңіл

Өткен сәрсенбідегі әкімдік отырысына аудан әкімі Н.С.Рахымжанов, әкім аппаратының жауапты қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, өзге де шақырулы адамдар қатысты. Онда негізінен күн тәртібіне үш мәселе шығарылып, талқыланды.

 

Алғашқы болып мінбеге көтерілген аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Р.М.Ғұмаров өз саласы бойынша ағымдағы жылдың алты айында атқарылған істерді сараласа, келесі кезекте сөз тізгінін алған аудандық орталық аурухана директоры Ә.У.Ғаббас бірінші байлық – денсаулықтың қадip-қасиетін ерте бағалай білуден бастап, ақ халаттылардың тұрмыс-тіршілігін, кездесіп отырған қиындық-кедергілерді егжей-тегжейлі баяндады. Бұл жауапты істегі бүгінгі самарқаулық пен салғырттық ертеңгі күнге салқынын тигізетінін нақты мысалдармен алға тартты.

Бұдан кейін аудандық әділет басқармасының басшысы А.Қ.Атаев та өткен жарты жылдықтағы жұмыстарынан жиналғандарды хабардар етсе, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының басым бағыттарын іске асыру жолында аудан активі алдында тұрған міндеттерді ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Ғ.Әжіғалиев талдап, таразылап түсіндіріп берді. Ол осы орайда өзі қатысып қайтқан Маңғыстау облысында ұйымдастырылған жиыннан алған әсерімен де бөлісті.

Отырысты қорытындылаған Нұрлан Сағынтайұлы негізгі міндеттерді іске асыруға атқарушы органдар ғана емес, халық болып атсалысу керектігін айтып, қай кезде де жүкті жұмыла көтеру қажеттігіне тоқталды.

 

Аудан әкімдігінде

Басқа да мақалалар