3.07.2018, 9:36
Қараулар: 292
 » 
Велоэстафета жалғасын тапты

Велоэстафета жалғасын тапты

Астана қаласының жиырма жылдық мерейтойына орай облыстық велоэстафетаға бөкейліктер де үн қосты. Бұған мекеме басшылары, қызметкерлері мен аудан жастары, жалпы 30-дан аса адам қатысты.  Шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталмыш эстафетаны арнайы дайындалған видеоролик түрінде  жаңақалалықтардан қабылдап алғанымызды айта кетелік. Біздер өз кезегімізде эстафетаны жәнібектік ағайынға тапсырдық.

Мейрамбек ҒИЫЛМАНОВ,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

 дене шынықтыру және

 спорт бөлімінің бас маманы.

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.