10.07.2018, 9:34
Қараулар: 374
 » 
Жерлесіміздің жетістігі

Жерлесіміздің жетістігі

Орал қаласында облыс әкімінің кубогы үшін мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қол күресінен жарыс оздырылды. Елордамыздың 20 жылдығына арналған бұл спорт додасында бақ сынаған саралжындық Алманияз Қаналиев абсалюттік салмақта І орынды жеңіп алып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломы мен кубогын иеленді. Әрі сол қолымен ғана күшін танытып жүрген жерлесіміздің облыс құрама командасына шақырту алғандығын да мақтанышпен жеткіземіз.

Мейрамбек ҒИЫЛМАНОВ,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт

бөлімінің бас маманы.