7.08.2018, 10:58
Қараулар: 478
Жаңа алаңдағы доп додасы

Жаңа алаңдағы доп додасы

Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бисендік кәсіпкер Ермек Меңдешев аудан орталығы Сайқын ауылына жас спортшыларға арнап шағын футбол алаңын тарту еткен болатын. Оның ашылуына арналып осы жасыл алаңда аудандық мекеме командалары өзара жарыс өткізді. (Демеушісі бисендік «Пахман» шаруа қожалығы).

Екі топқа бөлінген олар тартысты ойын өрнегін көрсетті. Теңбіл доп додасында  балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасы бірінші орынды иеленіп, 20000 теңгені, екінші орынға шыққан Жәңгір хан атындағы орта мектеп 15000 теңгені, ал, үшінші орынға табан тіреген тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобилдер жолдары бөлімі футболшылары 10000 теңгені қанжығаларына басты. Сондай-ақ, Аян Бисембаев «Үздік қақпашы», Қуаныш Шарипов «Үздік ойыншы», Әли Победов «Үздік шабуылшы», Нұрқожа Самиғоллин «Үздік төреші» атанды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық пен диплом, сертификаттар табыс етілді.

Мейрамбек ҒИЫЛМАНОВ,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.