20.06.2017, 10:55
Қараулар: 371
Мәслихаттың оныншы сессиясы

Мәслихаттың оныншы сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезекті Х сессиясын депутат Ғ.Т.Махимов ашып, жүргізіп отырды. Оған аудан әкімі Н.С.Рахымжанов, мекеме, ұйым басшылары, ауыл әкімдері, әкім аппаратының жауапты қызметкерлері және мәслихат депутаттары қатысты. Сондай-ақ, бұл жолғы сессияның жұмысына Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссияның мүшесі Қанат Алпысбаев қатысқанын да айта кетелік.

Алғашқы кезекте күн тәртібіне шығарылған үш мәселе бойынша (аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №7-1 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2016 жылға арналған бюджеттің орындалуы туралы; аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы №29-3 «2016-2020 жылдарға арналған Бөкей ордасы ауданының аумақты дамыту бағдарламасы туралы» шешімінің орындалуы туралы) аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Раушан Абдоллина баяндама жасады.

Одан кейін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия және аудан әкімдігі жанынан шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы  хабарламалар (хабарламашы аудан әкімі аппаратының басшысы Ержан Айтқалиев) тыңдалып, тиісті шешімдер алынды.

Сессияда өзге де мәселелер қаралды.

Жиында аудан әкімі Н.Рахымжанов сөз алып, қос депутат Ғайса Махимов пен Бибігүл Бектелеуованың алғашқысына өткен мұражай күніне орай жолдаған облыс әкімі А.Көлгіновтің арнайы Алғыс хаттын табыстаса, екіншісіне мерейжасқа толуына байланысты Құттықтау хат пен гүл шоғын ұсынды.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе – аудандық мәслихаттың келесі сессиясы төрағалығына депутат Нағым Тәжімұратов сайланды.

Аудан әкімдігінде

Басқа да мақалалар