17.10.2017, 10:44
Қараулар: 367
Күзгі қарбалыс. Қысқа қамданыс

Күзгі қарбалыс. Қысқа қамданыс

Ауыл әкімдері мен аудандық бөлім, мекеме басшыларының басын қосып, күзгі науқандық жұмыстар мен қысқа әзірліктің жайын сөз еткен аудан әкімі Н.Рахымжанов қариялар күнінен басталған қайырымдылық айлығының жүру барысын да назардан тыс қалдырмады. Бұл мәселе жөнінде хабарлама жасаған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Ж.Еркеғалиев округтерде атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға бере келіп, МӘМС жайын, дәлірек айтқанда азаматтардың әлеуметтік жағдайын анықтау ісін қозғады. Әр округті жеке-жеке талдап көрсетті.

Әскерге күзгі шақырылым мәселесін тілге тиек еткен аудандық қорғаныс бөлімі бастығы, подполковник Д.Қадырғалиев армияға баруға құлшынып тұрған жастардың аздығына, шақыртылған жастардың қайсыбірі ауылда болмай шыққандығына қынжылыс білдірді. Бисен ауылдық округінен басқа жерде жігіттерді аудан орталығына жеткізуге жеткілікті көңіл бөлінбейді екен.

Алдағы от жағу маусымына әзірлікті пысықтау мақсатында жарияланған айлықтың талаптарымен таныстырған аудандық төтенше жағдай бөлімі бастығы, азаматтық қорғау майоры Т.Апақаев биыл жаздағы дала өртінің де зардаптарын әңгімеледі.

Басқосуды қорытындылаған Нұрлан Сағынтайұлы қыс қаһарынан қысылмау үшін істелуге тиісті жұмыстарды тағы бір қайталап, сала басшыларына тапсырмалар берді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Аудан әкімдігінде

Басқа да мақалалар