Жаналыктар

АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Замандастар басқосуы

Күні , 32 рет оқылды

Би – адамның ішкі дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер. Міне, соған жасөспірімдерді баулып жүрген аудандық демалыс орталығының хореографы Сәуле Сүндетованың бастамасымен жақында би үйірмесінің мүшелері студенттермен кездесті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оздырылған «Би – өнер құдіреті» атты бұл шарада бір кездері Сәуле Қасымқызының жетекшілігімен түрлі сахналарда өнер көрсеткендер қазіргі студенттік шағының қызықты жайлары хақында әңгімелеп, қатысқан кастингтері мен шығармашылық кештердегі алған әсерлерімен бөлісті. Иә, тәрбиеленушілерінің биік белеске ұмтылуы алдымен ұстаз еңбегінің жемісі емес пе?! Аталмыш кездесуге қатысқан аудандық демалыс орталығының директоры Жоламан Сейсенғалиев, аудандық саз мектебінің оқытушысы Жасмина Қабденғалиевалар да студенттік шақтағы естеліктерін тілге тиек етсе, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың cтуденті Лиза Қабденғалиева «Сиқырлы таяқ», «Алтын сақа», «Тапқырлар сайысы» сынды ойындар мен биден өзара жарыс ұйымдастырды. Сонымен қатар қатысушылар өз тілектерін ақ қағазға латын қарпімен түсіріп, ізбасарларына ыстық лебіздерін жеткізді. Би оқушылардың өнерге сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда, жалпы, жеке тұлғаның  қалыптасуына ерекше әсер етеді. Ендеше, тұла бойы келісті, табанды да талапты жастарымыз көп болсын.

Мейрамгүл МҰХАМБЕДИЯРОВА,

аудандық демалыс орталығының әдіскері.


Пікір қалдыру


БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын селосы, Ғ.Әзербаев көшесі, 10/1 үй
[email protected]

"Орда жұлдызы" газетінің
бас редакторы: 8 (71140) 21 5 30
Жауапты хатшы, тілшілер: 8 (71140) 21 8 42
Есіп және жарнама бөлімі: 8 (71140) 40 0 64