20.02.2018, 7:57
Қараулар: 405
М-С.Бабажановқа арналған тарихшылар слеті

М-С.Бабажановқа арналған тарихшылар слеті

Халқымыз ежелден-ақ ұлт мүддесін қорғаған озық ойлы тұлғаларға кенде болмаған. Тарихшылардың І аудандық слеті сондай жандардың бірі – өлкетанушы, этнограф, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы Мұхаммед-Салық Бабажановқа арналды.

«Рухани жаңғырудың» «Өлкетану» базалық бағыты бойынша жүзеге асқан бұл шарада алдымен халқымыздың өз рухының, өнегелі салтының, өрелі қалпының аса көрнекті өкілінің ескерткішіне аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов пен еңбек ардагері Чарльз Қойшыбаев, қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Таңатов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков гүл шоқтарын қойды. Кейін слетке келген ат үстіндегі азаматтар, аудандық мекеме, бөлім басшылары, мектеп директорлары, ардагер-ұстаздар, өлкетануға ден қойған мамандар мен Бөкей ордасы мұражай-кешенінің қызметкерлері, мұғалімдер мен оқушылар М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің фоейсінде ұйымдастырылған өлкетанушылық көрмені қызыға тамашалады. Онда мәметовалықтар Батыр Мәншүк қаза тапқан Невель қаласынан әкелінген жәдігерлермен ерекшеленсе, жексенбаевтықтардың өткен ғасырдың есептегіш құралы, бірқатар білім ошақтары ұсынған бабаларымыздың тұрмыста қолданылған көне бұйымдары көрермен назарын аударды.

Раушан БАҚЫТОВА