20.02.2018, 8:26
Қараулар: 425
 » 
Киіктерді қорғау қажет

Киіктерді қорғау қажет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жануарлар дүниесін есепке алу және мониторинг бөлімі басшысы Нұрбек Бекманов бастаған бір топ қызметкерлері аудандық мекеме, ұйым басшыларының, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысымен жиын өткізді.

Ондағы қозғалған басты мәселе – киіктерді қорғау болды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев ашып, жүргізіп отырды. «Охотзоопром» РМҚК-ның ғылыми қызметкері Бахтияр Тәшенов «ақбөкен» деп халқымыз аялаған дала еркесінің өсіп-өнуі, ерекшелігі хақында көрнекі құралдарды (слайд) пайдалана отырып, тамылжыта әңгімелеп берді.

Каримолла ҒАЙСИН.