13.06.2018, 16:28
Қараулар: 220
20 мың теңгенің сертификатын иеленді

20 мың теңгенің сертификатын иеленді

9 маусым күні Қазталов ауылында елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына орай волейболдан Қазталов ауданы әкімінің жүлдесі үшін ерлер арасында ашық турнир өткізілді. Оған Ақжайық, Жаңақала, Қазталов-1, Қазталов-2 және Бөкей ордасы аудандары мен көршілес РФ-ның Александров-Гай кентінің командалары қатысты.

Спортшылар екі топқа бөлініп, сынға түсті. І топтан Бөкей ордасы мен Қазталов ауданы, ІІ топтан «Ақжайық» пен Жаңақала командалары жартылай финалға шығып, ойын барысында бөкейліктер жаңақалалықтарды ұтса, «Ақжайық» құрамасы қазталовтықтардан басым түсті. Үшінші орын үшін бақтарын сынаған Қазталов ауданы мен Жаңақала құрамасының ойынында қазталовтықтар үстемдік танытса, финалдық кезеңде жерлестеріміз «Ақжайыққа» 2:1 есебімен есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді.

Командамыз кубок, медальдар мен диплом және 20 мың теңгенің сертификатын, ал, ойыншылар арасынан Б.Хайроллин «Үздік ойыншы» номинациясын иеленді.

Мейрамбек ҒИЫЛМАНОВ,

аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт

бөлімінің бас маманы.

Қалдыру жауабы бар

Сіздің электрондық пошта мекенжайы жарияланбайды.