4.01.2017, 12:12
Қараулар: 258
Мерекелік сыйлық – 100 мың теңге

Мерекелік сыйлық – 100 мың теңге

2014 жылдап бастап «Жеңіс» республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жобасын қолға алған «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында әр майдангерге «Қазпошта» АҚ арқылы 100 мың теңгеден мерекелік марапат жіберген екен. «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесінің басшысы, аудандық мәслихат депутаты Гүлнар Мұқанова мен аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов, аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов ауданымыздағы жалғыз майдангер, ордалық Нәсіпқали Жұмағалиевке сол аманатты және аудан әкімдігінің сыйлығын Жаңа жыл қарсаңында табыстап қайтты. Бір-ер ай шамасында ғана 90-ға толған ардагер ағамыздың жарасымды әзіл-қалжыңынан жазбай, көңілді отырысы барғандарды қуантты.

– Осы қалпыңызбен жүзге де жетіңіз. Ұрпақтарыңыздың ортасында шалтты да ұзақ ғұмыр кешіңіз,- десті олар.

Д.ӘЛИЕВ.